Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Ана тілі - Асхат Таргынов

Асхат Таргынов

С этим треком так же слушают:

Исполнитель Асхат Таргынов

Прослушиваний 12574

Текст песни

Қазағым менің қазағым,
Түбірің көне түркі екен,
Кешегі ұлы Абайдың,
Қалың ел қайран жұрты екен,

Көңілі ашық аңқылдақ,
Әлемде жалғыз ұлт екен.

Ал бірақ кейде тіліңмен ,
Өзге ұлтқа жүрсің күлкі боп,
Мысалға алып қарашы,
Жеті ата, жеті жұрты жоқ,
Жануар аң мен құстың да,
Үнінен басқа мүлкі жоқ.

Арсылдап тұрған түлкі жоқ,
Қорсылдап тұрған кірпі жоқ,
Кісінеудің орнына ,
Қыңсылап тұрған жылқы жоқ,
Ал біздің кейбір қазақтың,
Тіліне деген құлқы жоқ.

Аңырап тұрған бұлан жоқ,
Маңырап тұрған құлан жоқ,
Саңқылдаудың орнына,
Қарқылдап тұрған қыран жоқ,
Ал кейбір шала қазақтар,
Алғайсың тәлім бұдан көп.

Тіліме келген кесел көп,
Бұл шындық сөзде өсек жоқ,
Ақырудың орнына ,
Кісінеп тұрған есек жоқ,
Ал біздің кейбір қазақтың,
Тіліне деген есеп жоқ.

Атамның сөзі жүйелі,
Анамның тілі киелі,
Қазақпыз десек бір ұшы,
Өзіме келіп тиеді,
Шынында кейбір қазақтан,
Тілінің сынған тиегі.

Тұрғам жоқ көпке кінә артып,
Жүрген көп тілді құмартып,
Бабамның асыл сөзінен,
Анамның сүті тұр аңқып,
Өз тілін балаң білмесе,
Мылқау ғып туған мың артық.

Ел үшін талай жан кешкен,
Жер үшін талай қан кешкен,
Аруағынан ұят боп тұр ғой,
Найзалы бабам нар кескен,
Ана тіліңді қадірлеп,
Шығарма халқым мәңгі естен

Полный текст песни
Асхат Таргынов — Ана тілі

Тексты всех песен артиста

Комментировать