Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Қимай тұрмын - Торегали Тореали


С этим треком так же слушают:

Исполнитель Торегали Тореали

Прослушиваний 34649

Текст песни

Қоштасар уақыттың жеткені ме,
Сынаптай сағаттың өткені ме.
Сағынып жетермін елім саған,
Орманын аңсайды көк бөрі де.

Мен өзім берікпін әр сертіме,
Ән кешін қалдырып әнші еркіне.
Жиналған жұртыма көп рахмет, концертіме...
Қайырмасы:
Қимай тұрмын, қимай тұрмын,
Өз өзіме сыймай тұрмын.
Тағы келем, тағы келем,
Қазағымның әніменен.

Ризамын қартыма, жастарыма,
Ашықтық тілеймін аспаныңа.
Жаратқан бергенше таудай талап,
Бармақтай бақ берсін бастарына.
Қоштасқым келмейді махаббатпен,
Уақыттың талабы қатал әттең.
Шығарып салыңдар сахнадан, шапалақпен...
Қайырмасы:
Қимай тұрмын, қимай тұрмын,
Өз өзіме сыймай тұрмын.
Тағы келем, тағы келем,
Қазағымның әніменен.

Кездескенше, қайта айналып жүздескенше.

Полный текст песни
Торегали Тореали — Қимай тұрмын

Тексты всех песен артиста

Комментировать