Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қазақ елі

1.Көңілі көлдей шалқыған
Қазақтай ел қайда
Даласы жусан аңқыған
Өзіңдей жер қайда
Киелім

2.Таусылмас саған айтарым
Ардақтап өтейін
Бабадан қалған байтағым
Садағаң кетейін
Киелім

Қайырмасы
Күлімдеп жатқан көлден
Көк орай шалғын белден
Құбыла соққан желден
Айналайын

Тілегін тәңір берген
Қасиет қонған елден
Ел үшін туған ерден
Айналайын

3.Болмасаң өзің айбарым
Мұратқа жетер ме ең
Түспесін төмен байрағың
Төбеңе көтерген
Киелім

4.Ғасырлап күткен арманға
Тербеген асқақ ән
Ұлыңа Алла жар болғай
Елімді бастаған
Киелім
Қайырмасы
Проигрыш
Қайырмасы-2рет


Комментировать