Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Барма менің жазығым

Жүрдік бірге, жаз өмірдің
Жасыл барқыт бағында.
Нұрлы жүзің көз алдымда,
Үнің әлі жадымда.
Айдынымен қоштасатын,
Аққу ме едің, нәзігім.
Қапияда қайда кеттің,
Бар ма менің жазығым?

Сол күндерді, бал түндерді
Ұмытады дедің бе?
Тербетіліп жүрсің әлі,
Көңілімнің көлінде.
Құлағымнан кетпей қойды-ау,
Сыңғырлаған нәзік үн.
Қапияда қайда кеттің,
Бар ма менің жазығым?

Толқып тұрған асыл айдай,
Жалғыз едің сен мендей.
Сәуле төгіп күлімдейсің,
Дірілдейсің кеудемде.
Саған деген махаббаттың
Азабынан қажыдым.
Келші жаным, айтшы жаным,
Бар ма менің жазығым?


Комментировать