Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Алатау

Алып тұлға байсалды
Манаураған Алатау
Қызыл-жасыл гүлдерің
Алаулаған Алатау
Манаураған Алатау
Алаулаған Алатау

Шыңыңа көз жетпес
Көркіңе сөз жетпес
Басыңнан қар кетпес
Өзіңе тау жетпес
Өңірің гүлді
Өмірің жырлы
Жадыра жайдарлым
Бақыт нұр шашқан
Даңқың бар асқан
Атыңнан айналдым
Өңірің гүлді
Өмірің жырлы
Жадыра жайдарлым
Бақыт нұр шашқан
Даңқың бар асқан
Атыңнан айналдым

Қыз бейнелі гүліңді
Жиып алсам, шіркін-ай
Шежіредей сырыңды
Түйіп алсам, шіркін-ай
Жиып алсам, шіркін-ай
Түйіп алсам, шіркін-ай

Шыңыңа көз жетпес
Көркіңе сөз жетпес
Басыңнан қар кетпес
Өзіңе тау жетпес
Өңірің гүлді
Өмірің жырлы
Жадыра жайдарлым
Бақыт нұр шашқан
Даңқың бар асқан
Атыңнан айналдым
Өңірің гүлді
Өмірің жырлы
Жадыра жайдарлым
Бақыт нұр шашқан
Даңқың бар асқан
Атыңнан айналдым

Зор тұлғасы тауларға
Айбат берген алатау
Өр тұлғасы жастарға
Қайрат берген Алатау
Айбат берген Алатау
Қайрат берген Алатау

Шыңыңа көз жетпес
Көркіңе сөз жетпес
Басыңнан қар кетпес
Өзіңе тау жетпес
Өңірің гүлді
Өмірің жырлы
Жадыра жайдарлым
Бақыт нұр шашқан


Комментировать